in

Персеидтер түні: қазақстандықтар желіде "жұлдыздар жауынының" суреттерін жариялады

Қазақстандықтар 12 тамыздан 13 тамызға қараған түні түсірілген суреттерді желіде жариялап жатыр. Олар Персеид метеорлық ағынының белсенді кезін байқады, деп хабарлайды astana24.com.

Еске сала кетейік, астрономдар 12 тамыздан 13 тамызға қараған түні Персеид метеорлық ағынының шарықтау шегі болатынын болжаған еді. Мамандар биыл бұл құбылысты бақылауға өте қолайлы жағдай туатынын атап өткен.

Қазақстандықтарға жұлдыздар жауынын түн ортасынан таң атқанға дейін тамашалауға кеңес берілді. Бақылауға қала жарығы кедергі келтірмеуі үшін қала сыртына шығу ұсынылды. Биыл Персеидтің шарықтау шегі жаңа айдан кейін келетіндіктен, ай жарығы бақылауға кедергі болмайтыны айтылған еді.

13 тамызға қараған түні қазақстандықтар сирек құбылысты тамашалағаннан кейінгі әсерін бөлісе бастады.

Қала сыртына арнайы шыққан Астана тұрғындары біраз сурет түсіріп үлгерді.

Посмотреть в Threads

Кейбір адамдар сирек құбылысты видеоға түсіріп алды.

Кейбір желі қолданушылары әзілдеп, жұлдыздар жауынын "Трансформерлер" әлеміндегі автоботтармен салыстырды.

Посмотреть в Threads

Алматы тауларындағы Ассы үстіртінен жұлдыздар жауынын бақылаған қазақстандықтар да болды.

Посмотреть в Threads

Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылының тұрғындары да бұл құбылысты бақылап, суреттерін жариялады.

Посмотреть в Threads

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да таңғажайып жұлдыздар жауынын суретке түсіріп алды.

Посмотреть в Threads

Қазақстандықтардың айтуынша, бұл түні әдемі суреттер үшін кәсіби камера қажет болмады. Көпшілігі телефон арқылы әсерлі кадрлар түсіре алған.