2026 жылғы 1 қарашадан бастап қазақстандық кәсіпкерлер ұлттық Tañba жүйесі арқылы тауардың он бес жаңа санаты үшін "Честный знак" таңбалау кодтарына тапсырыс бере алады. Маркетплейс өкілдерінің хабарлауынша, бұл отандық бизнеске өз өнімдерін Wildberries арқылы Ресейге тікелей жеткізуге жол ашады. Сондай-ақ тауарлардың шекарада кідіріссіз өтуін қамтамасыз етеді.
Wildberries сараптамасы: таңбалау Ресейге тауар жеткізуге қалай әсер етті
Маркетплейстің талдау қызметінің деректері бойынша, 2025 жылы тауарлардың мына санаттары Қазақстаннан Ресейге міндетті таңбалаусыз жеткізіліп, нәтижесінде рекордтық өсім көрсеткіштері тіркелді:
Алайда Ресей Федерациясында жаңа талаптар енгізілгеннен кейін экспорт қарқыны айтарлықтай бәсеңдеді. Бұл ретте Ресейдегі міндетті таңбалау тізімінің кеңеюі жаңа техникалық шешімдерді қажет етті. Себебі бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлер бақылау-бірдейлендіру белгілерін (БББ) тек жеңіл өнеркәсіп тауарларына, атап айтқанда киім мен аяқ киімге ғана рәсімдей алатын. Tañba жүйесі арқылы таңбалау кодтарына трансшекаралық тапсырыс беру тетігінің іске қосылуы бұл мәселені толық шешеді және өзге де салалардан тауарларды тұрақты түрде экспорттауға мүмкіндік береді.
"Біз қазақстандық сатушыларға бизнесті сенімді түрде дамыту және оны кеңейту үшін барлық құралды ұсынуға тырысамыз. Көрші елдің ауқымды нарығы өте үлкен экспорттық әлеуетке ие. Ал жаңа ірі санаттарға трансшекаралық таңбалауды кеңейту жергілікті кәсіпкерлерге бизнесті өсірудің жаңа мүмкіндіктері бар түсінікті тетік береді", — деп атап өтті Wildberries-тің Қазақстан мен Қырғызстандағы коммерцияны дамыту бөлімінің басшысы Евгения Савенкова-Петриченко.
Таңбалауға арналған 15 жаңа санат
1 қарашадан бастап Tañba жүйесі арқылы мына тауар түрлеріне БББ-лерге тапсырыс беруге болады:
Тауар жеткізуді бастау үшін маркетплейс сатушысы Тауар экспортының цифрлық жүйесінен кодтарды алып, өнімді шекарадан өткенге дейін таңбаласа жеткілікті.
*Wildberries талдау қызметінің деректері бойынша, дана түріндегі сатылымдар, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығындағы кезең
