Ертең, 7 қарашада елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болуы ықтимал. Синоптиктер ескерту жасап, күн бұзылатын өңірлерді атады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысы мен батысында аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығын тұман басады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қаласында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Орал қаласында түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының орталығында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігін тұман басады. Шығыстан және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде жауын-шашын аз болады. Түнде облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде де осы деңгейде болады.
Петропавл қаласында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
