in

"Үш сағат бойы жолда": жаңбыр салдарынан алматылықтар кептеліске тап болды

Нөсер жаңбыр Алматы жолдарындағы жағдайды қиындатты. Қаладағы кептеліс бірнеше километрге созылды, деп хабарлайды astana24.com.

Шелектеп құйған жаңбыр салдарынан Алматыда кептеліс туындады. 2GIS сервисінің мәліметінше, Алматыдағы жол қозғалысы жағдайы 10 баллға бағаланған. Бұл – қаладағы көлік қозғалысы бойынша ең жоғары жүктеме.

Жүргізушілер қала көшелеріндегі кептеліске шағымданып, әдеттегі бағыттармен жүру әлдеқайда көп уақыт алатынын жазып жатыр.

Threads желісіндегі @ashimova.79 нигімен тіркелген қолданушылардың бірі Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықта жарты сағат бойы тұрғанын жеткізді.

View on Threads

"Жаңбыр, кептеліс және таксиді бағасының аспандауы. Шаляпин көшесі мен Жандосов көшесі аралығында дейін жарты сағат тұрмын, жаңбыр әсер етті демеңіздерші. Көмектесіңіздер. Тек музыка ғана жанға дауа", – деп жазды ол.

Тағы бір тұрғын @galjmzhankyzy Алтын Ордадан әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев көшесінің қиылысына дейін жету үшін үш сағат уақыт кеткенін айтты.

View on Threads

Сондай-ақ @deniz219809 нигімен тіркелген қолданушы Момышұлы көшесінен таңғы сағат 07:25-тен бастап шыға алмағанын хабарлады. Ол жұмысына тек 08:45-те жетіп, кешігіп қалған.

View on Threads

Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті 12 қарашаға арналған ескертуге байланысты алматылықтарға үндеу жасады.