in

20 градусқа дейін жылы: 1 қарашада ел мегаполистерінде күн райы қандай болады

Синоптиктер 1 қарашада Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +15 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,0 м/с.

Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,2 м/с.

Шымкентте күн ақша бұлтты болады. Күндіз термометр бағанасы +20 градусқа дейін көтеріліп, түнде +8 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 2,6 м/с.