ШҚО Риддер қаласын қалың қар басты. Тұрғындар желіде қаланы қар басып қалғанын жазып, видеоларын бөлісуде, деп хабарлайды astana24.com.
Риддерліктер желіде қалаға қалың қар жауғанын жазып, видеоларын бөлісіп жатыр. Олардың сөзінше, қар бір тәулік бойы жауған. Қар 21 қазанда жауа бастап, бүгін тіптен қаланы басып қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Черемшаночка Вести (@cheremshanochka_vesti)
Еске салсақ, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" еліміздің кей өңірінің тұрғындарына ауа райы бұзылатынын айтып, ескерту жасаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Черемшаночка Вести (@cheremshanochka_vesti)
"Қазгидромет" РМК дерегінше, 23 қазанда ШҚО-да жауын-шашын (қар) болуы мүмкін екенін, сондай-ақ облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстігінде қалың қар жауып, боран болатынын ескертті.
