Ханойда мейрамханада болған жарылыс алты адамның өмірін қиды. Жарылыстан ғимараттың бір бөлігін қирап, көрші үйлерге зақым келген, деп хабарлайды The Independent басылымына сілтеме жасаған astana24.com
Вьетнам астанасы Ханойдағы мейрамханада болған қуатты жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды. Оқиға 24 қараша күні таңертең болды.
Жарылыс мейрамханада сағат 08:00 шамасында (Астана уақытымен 10:00-де – ред. ескертпесі) болды. Полицияның алдын ала болжамынша, оған газдың таралуы себеп болуы мүмкін. Жарылыстан мейрамхана ішінара қирап, көрші үйлер зақымданды.
"Жарылыс толқыны терезелерді сындырып, қабырғаларды зақымдады, сондай-ақ шатырлар мен қалқаларды жұлып әкетті. 15 метр радиустағы 10-ға жуық үй зардап шекті, қоқыс сынықтары 20 метр жерге дейін шашылды.
Today, a powerful explosion, suspected to have been caused by a gas leak at a hotpot eatery, has killed at least 6 people and injured more than 10 others in Dong Da District, Hanoi, Vietnam. https://t.co/FOnOEwsYPH— Weather Monitor (@WeatherMonitors) November 24, 2026
Зардап шеккен 10 адам Ханойдың үш ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі сынық тигеннен кейін көз жұмды. Құтқарушылар үйінді астында адамдар қалуы мүмкін деп, іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Құлау қаупіне байланысты көрші ғимараттардың тұрғындары да эвакуацияланды. Билік өкілдері шығынды бағалап, адамдарды уақытша орналастыру жұмыстарын ұйымдастыруда", – делінген жазбада.
Вьетнам үкіметі шұғыл тергеу жүргізуді тапсырды.
🔴#VIETNAM 🇻🇳| #Drame : A powerful explosion rocked Nguyễn Văn Tuyết Street in Hanoi’s Đống Đa district at around 8 a.m. this Tuesday, November 24. Collapsed homes, numerous casualties and injuries reported. The explosion was reportedly caused by a gas leak. https://t.co/kGD6vLW9cj— Siraj Noorani (@sirajnoorani) November 24, 2026
