in

Уиткофф: Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер 10-11 қарашада Абу-Дабиде өтеді

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Вашингтонның араағайындығымен Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер Абу-Дабиде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.

Бұл туралы Трамптың өкілі X әлеуметтік желісінде жазды.

"Америка Құрама Штаттары 10-11 қарашада Абу-Дабиде өтетін Украина мен Ресей арасындағы жұмыс деңгейіндегі келіссөздерде араағайындық етеді. Бұл президент Дональд Трамптың соғысты тоқтату жөніндегі миссиясының жалғасы болады", – деп жазды Уиткофф.

Арнайы өкілдің айтуынша, талқылау барысында соғыстан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктеріне, қақтығысты бәсеңдетуге, гуманитарлық мәселелерге және бейбітшілікке бастайтын алдағы қадамдарға баса назар аударылады.

Сондай-ақ ол алдағы күндері америкалық келіссөзшілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен кездесетінін мәлімдеді. Тараптар Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктерін, соғыстан кейінгі Еуропаның қауіпсіздік архитектурасын және елді қалпына келтіруді қолдаудың экономикалық мүмкіндіктерін талқылайды.

"Біз Киев, Осло және Санкт-Петербургте қол жеткізілген ілгерілеуді одан әрі дамытып, болашақ ұрпақ үшін берік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жан-жақты әрі ұзақмерзімді бейбіт келісім жасасуға жақындай түсеміз деп сенеміз", – деді Уиткофф.