Қытай басшысы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен және АҚШ президенті Дональд Трамппен Шэньчжэньде кездеседі. Бұл туралы Қытайдың сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Үш көшбасшының кездесуі 19 қарашаға Шэньчжэнь қаласына жоспарланған.
"СІМ өкілінің мәлімдеуінше, 19 қарашада төраға Си Цзиньпин Шэньчжэньде президент Владимир Путинмен және президент Дональд Трамппен Қытай-Ресей-АҚШ саммитін өткізеді", – деді Сыртқы істер министрлігінің сайтында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақ үйдің баспасөз қызметі Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің келіссөзі болатынын мәлімдеген еді.
Оған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ, Қытай және Ресей көшбасшыларының үшжақты кездесуіне дайындық жүріп жатқанын айтқан.
