in

15 қыркүйекте мектепке оралады: Қырғызстанда оқу жылының басталуы кейінге шегерілді

Қырғызстанда жаңа оқу жылы 15 қыркүйекте басталады. Бұл бірқатар оқиғаға байланысты, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның мәліметінше, Қырғызстанда биыл оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда аяқталады, бірақ жаңа оқу жылы 15 күнге кеш басталады.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында білім министрі Догдуркүл Кендирбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқу жылының басталуын 15 қыркүйекке ауыстыру Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитімен және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен байланысты.

ШЫҰ 2026 жылғы 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығында, ал Көшпенділер ойындары 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында өтеді.