Мысырда екі локомотив соқтығысып, пойыз вагондары рельстен шығып кетті, салдарынан жеті адам қаза тауып, 100-ден астамы зардап шекті. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі жеті адамның қаза тапқанын растады. Олардың арасында ауруханада көз жұмған пойыз машинисі де бар.
"112 адам жарақат алды, жағдайы жақсаруына байланысты зардап шеккен 45 азамат медициналық мекемелерден шығарылды", – деп мәлімдеді ведомство.
Мысыр ұлттық теміржол басқармасы болған қайғылы оқиғаның мән-жайын хабарлады.
"Жексенбі, 8 қарашада "Тахья Миср" пойызы (№ 134, Гиза – Файюм бағыты) № 2010 пойызының (Каир – Асуан бағыты) артқы бөлігіне соғылды. Оқиға Кафр-Аммар және Эр-Ракка станциялары арасындағы учаскеде болды. Бірнеше вагонның рельстен шығып кетуі салдарынан жолаушылар зардап шекті", – деді ведомство өкілдері.
Egypt CRANE CABLE SNAPS while TRYING to CLEAR WRECKAGE of DERAILED TRAIN — CARRIAGE CRASHES DOWN 7 KILLED, 112 INJURED after 2 TRAINS COLLIDE https://t.co/ZezIkdOGqV— RT (@RT_com) November 8, 2026
UPDATE: Two trains collided in Al-Ayyat, Giza, Egypt, derailing four carriages. Local reports indicate around 150 injuries and the death of a train driver. Egypt’s Health Ministry has officially confirmed 64 injuries so far. Emergency operations continue at the scene. https://t.co/cCJ8iyxvJN— DDF NEWS (@ddfmarketing1) November 8, 2026
Four train carriages have overturned in a major derailment, with up to 150 injuries reported and more than 50 ambulances dispatched to the scene in Giza, Egypt. https://t.co/PMGZobDwl7— Weather Monitor (@WeatherMonitors) November 8, 2026
BREAKING: A Cairo-Aswan train derailed in Ayatt, Giza Governorate, Egypt, on Sunday, injuring at least 50 people. https://t.co/u06hN4x8Jx— World Source News (@Worldsource24) November 8, 2026
