in

Баласы бар жолаушыны көлігін кірлеткені үшін балағаттаған ер адам қамалды

Алматыда такси салоны былғанғаны үшін жолаушыға балағат сөз айтқан жүргізуші жеті тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда такси жүргізушісі жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оған көлік салонының былғанғаны себеп болған. Алайда жүргізуші мәселені сабырмен шешудің орнына жолаушыны балағаттап, дөрекілік танытқан.

Оқиға Алматы қаласында болған. Әйел адам көлікте баласымен бірге отырған. Сапар кезінде бүлдіршін абайсызда көлік салонын былғап алған.

Бұған 53 жастағы жүргізуші ашуланып, жолаушыға тіл тигізе бастаған. Көлік тоқтағаннан кейін де ер адам сыртқа шығып, балағат сөздерін жалғастырған. Әйел болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп, полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріп, жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

View this post on Instagram

A post shared by Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)