in

Бүгін Алматы мен Шымкентте ауа температурасы төмендейді

Синоптиктер бүгін, 13 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +6 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 1,9 м/с.

Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с.

Шымкентте де бүгін күн бұлтты болмақ. Күндіз термометр бағанасы +8 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.