Желіде әскери қызметшінің жағдайы нашарлаған сәтте түсірілген видео тарады. Қорғаныс министрлігі бұл бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды astana24.com.
Ант қабылдау кезінде әскери қызметшінің жағдайы кенет нашарлаған сәтінен видео Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, бұл видео 2024 жылы түсірілген.
"Таратылған видеоматериал 2024 жылы түсірілген. Оқиға Аягөз гарнизонында әскери ант қабылдау кезінде болды.
Мән-жай бұрын түсіндірілген еді. Әскери қызметшінің денсаулығының нашарлауы қатты қобалжуына байланысты болды. Денсаулығына қатер төнген жоқ. Медициналық көмек уақытылы әрі толық көлемде көрсетілді.
Кейін әскери қызметші мерзімді әскери қызметін белгіленген мерзімде өтеп, Қарулы күштер қатарынан запасқа босатылды", – делінген хабарламада.
