in

Ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру: Құрылтайда қандай шешім қабылданды

Депутаттар президент тапсырмаларын ескере отырып, 2027 жылға арналған бюджет шығыстарын қайта қарады. Ең төменгі жалақыны көтеру де мақұлданды, деп хабарлайды Құрылтайға сілтеме жасаған astana24.com.

Құрылтайдың Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, депутаттар "2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдаған. Барлық бюджет қаражатының үштен бірінен астамын адами капиталды дамытуға және азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бағыттау жоспарланып отыр.

Құжатпен жұмыс істеу барысында депутаттар 2027 жылы президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталған түзетулерді қолдаған, соның ішінде:

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын.