Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Чалдыбар" өткізу пункті 25 қарашадан бастап жабылады. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік қозғалысы 2027 жылдың соңына қарай ашылады, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған astana24.com.
Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі Шу облысында, Қазақстанмен шекарада орналасқан "Чалдыбар" өткізу пункті уақытша жабылатынын хабарлады.
25 қарашада сағат 01:00-ден бастап бұл бекет арқылы көліктің барлық түрін өткізу тоқтатылады. Дегенмен азаматтар шекараны жаяу кесіп өте алады.
Шектеулер "Чалдыбарға" қарама-қарсы орналасқан қазақстандық "Сыпатай батыр" бақылау-өткізу пунктіндегі құрылыс жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
23 қарашадан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға жүк көліктерінің кіруіне шектеу қойылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік қозғалысы 2027 жылдың соңына қарай қайта ашылады.
Жүргізушілерге Шу облысындағы басқа бақылау-өткізу пункттерін пайдалануға кеңес берілді:
