Құрылтай депутаттары пленарлық отырыста елде электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Заң жобасын депутат Арман Халықов таныстырды.
"Бүгін Қазақстанның алдында өнеркәсіпті дамыту, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және экономиканы цифрландыру бойынша ауқымды міндеттер тұр. Бұл ретте энергетикалық ресурс өндірісін арттырып қана қоймай, оларды ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет" , – деді ол.
Сонымен қатар ол Қазақстанда электр энергиясын тұтыну артып келе жатқанын атап өтті: 2025 жылы бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 10,8 пайыз өсті.
"Энергия ресурстарын негізгі тұтынушылардың бірі – мемлекеттік, коммерциялық және тұрғын үй объектілерін қамтитын ғимараттар секторы" , – деді депутат.
Осылайша бірінші оқылымда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі екі заң жобасы, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін түзетулер мақұлданды.
Түзетулер энергия тиімді көппәтерлі тұрғын үй ұғымын нақтылау, Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ақпараттың дұрыс, толық әрі уақытылы ұсынылуына мемлекеттік бақылау енгізу, сондай-ақ жергілікті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыретін кеңейтуге көзделген.
Сонымен қатар Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасау мақсатында энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемінің шекті мөлшерін жылына жүз мың тоннадан елу мың тоннаға дейін төмендету ұсынылады.
Бұдан бөлек бюджеттік ұйымдарда энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын енгізу және энергия тұтыну нормативтерін сақтамайтын бюджеттік ұйымдарды тиісті субъектілер тізбесіне енгізу көзделген. Сондай-ақ энергия аудиті ұйымдарының қажетті жабдықтарды тек меншік құқығында иеленуіне қатысты талаптар күшейтіледі.
Сонымен қатар заң жобасында келесі айыппұлдарды енгізу көзделген:
