Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегал астанасы Дакарда өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған astana24.com.
"70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен британдық боксшының басымдығын мойындады", – делінген комитет хабарламасында.
Осылайша Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарын екінші орынмен аяқтады.
