in

Қазақстандықтардың жалақысы экономика өсіміне ілесе алмай жатыр: сарапшылар себебін түсіндірді

Қазақстан экономикасы 4,5 пайыз өсті, әсіресе өндіріс үлесі артып келеді. Бірақ жұмысшылардың тұрмыс деңгейінің жақсаруына бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі маңыздырақ. Толығырақ – astana24.com материалында.

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы қаңтар-қазан аралығында Қазақстандағы ЖІӨ-нің нақты өсуі 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жеделдеп, 4,5 пайыз болды.

"Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Ол алдын ала бағалау бойынша 5,6 пайыз өскен. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5 пайыз өсті", – деп атап өтті ведомстводағылар.

Бұл ретте жекелеген салалар қарқынды өсті:

Яғни өсім негізінен шикізатты сатумен ғана емес, тауар өндірумен байланысты.

Алайда халықтың табысы экономикаға ілесе алмай жатыр. Мәселен Қазақстандағы орташа жалақы 2026 жылдың екінші тоқсанында 486 388 теңгеге жетіп, 8,4 пайыз ұлғайды. Бірақ нақты мәнде ол 1,8 пайыз қысқарды (инфляция).

Ал кейбір болжам бойынша, жалақының одан арғы өсімі бұдан да қатты баяулауы мүмкін.

Telegram-дағы Economykz_org арнасы сарапшыларының хабарлауынша, бұған себеп – экономика өсімі жұмысшылардың табысының артуына әрқашан тікелей әсер етпейді, бұл көрсеткіштер әртүрлі факторларға байланысты.

Экономика мен тұрмыс деңгейінің айырмашылығы

Дереккөз атап өткендей, экономика өсімінің көрсеткіші ғана емес, оның бір жұмысшыға қанша өнім шығаратыны да маңызды. Мұны бұрын 2008 жылғы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық экономист Пол Кругман (1953 ж. туған) атап көрсеткен болатын:

"Екі зауытты елестетіп көріңіздер. Біріншісі қосымша жұмысшыларды жалдау арқылы өнімді 20 пайыз ұлғайтты. Екіншісі персонал саны мен жұмсалған уақытты сақтай отырып, жаңа технологиялар арқылы сондай 20 пайыз өсімге қол жеткізді. Екі зауыт та көбірек өнім шығарды, бірақ екіншісі ғана еңбек өнімділігін арттырды. Онда еңбекақыны көтеруге, инвестиция салуға және бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға қосымша экономикалық мүмкіндік пайда болды", – деп мысал келтіреді сарапшылар.

Сонымен қатар олар бұл жағдайда да жалақы автоматты түрде өседі дегенді білдірмейтінін атап көрсетеді.

Сарапшылардың хабарлауынша, өндірістің өсуі өздігінен халықтың сатып алу қабілетінің артуына кепілдік бермейді.

Жұмысшылардың тұрмыс деңгейіне өнімділіктің өсуі, жасалған табыстың қандай бөлігі жұмысшыларға тиесілі екені және инфляция жалақыға қосылған номиналды үстемені қаншалықты қысқартатыны көбірек әсер етеді.

Дәл сол себепті кәсіпорындарды жаңғырту, бәсекелестікті дамыту, жұмысшылардың біліктілігі мен технологияларды енгізу маңызды рөл атқарады – мұның бәрі қазақстандықтардың болашақ табысында көрініс табады.

"ЖІӨ өсімі экономиканың көбірек өндіретінін көрсетеді. Өнімділіктің өсуі еңбектің жақсырақ төленуі үшін негіз болады. Бірақ бұл мүмкіндік адамдардың нақты табысына айнала ма, жоқ па, ол өсім нәтижелерін бөлуге және инфляцияға да байланысты", – деп атап өтеді EconomyKZ.org сарапшылары.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар арасында ең кең тараған жалақы 200 мың теңгеден кем болып шықты.