13 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер тұман, көктайғақ пен секундына 28 метрге дейін жететін қатты жел туралы ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ.
Атырау облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Қостанай облысында облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысында облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Қарағандыда түнде көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысында облыстың оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман күтіледі. Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақытта тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысы мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жетісу облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен соғатын жел күндіз солтүстігінде 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысында облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысында облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Павлодарда да тұман күтіледі.
Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
