2006 жылы халықтың ақшалай шығыны жылына орта есеппен 151 221 теңгені құраған. 2026 жылдың 2-тоқсанында, яғни 20 жыл өткен соң бұл көрсеткіш 9,5 есе өсті. Толығырақ astana24.com материалында.
Соңғы 20 жылда Қазақстанда өмір сүру құны айтарлықтай өзгерді. Азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, киім және техника қымбаттады. Бұл азаматтардың ақшалай шығындарына да әсер етті.
Freedom Life ҚСЖ сарапшыларының хабарлауынша, 2006 жылы халықтың ақшалай шығыны бір адамға шаққанда жылына орта есеппен 151 221 теңгеге тең болған. Бұл айына шамамен 12,6 мың теңге деген сөз.
2026 жылдың 2-тоқсанында бір адамның орташа шығын үш айда 358 584 теңгеге жетті – айына 119 528 теңгеден келеді. Осылайша, 20 жыл ішінде бір қазақстандықтың орташа айлық шығыны шамамен 9,5 есе өсті.
Бұл отбасының емес, бір адамның шығындары. Жалақы бір жұмысшының жеке басына есептеледі, ал шығындар, балалар мен жұмыс істемейтіндерді қосқанда, отбасының әр мүшесіне қарай есептеледі.
Қазақстандықтардың ақшасын қайда жұмсайды?
2006 жылдан бері халық шығынының құрылымы да өзгерді. Бұрын азаматтар шығынының 39,2 пайызы азық-түлікке кететін. Тағы 30,4 пайызын азық-түлікке жатпайтын тауарларға, ал 24,5 пайызын ақылы қызметтерге жұмсайтын.
Во 2 квартале 2026 года доля расходов на продукты увеличилась до 50,5% . На платные услуги пришлось 20,7% , а на непродовольственные товары – 19,5%.
2026 жылдың 2-тоқсанында азық-түлікке жұмсалатын шығындар үлесі 50,5 пайызға дейін өсті. Халық ақылы қызметтерге табыстың 20,7 пайызын, ал азық-түлікке жатпайтын тауарларға 19,5 пайызын жұмсайтын болған.
Ақшалай есептегенде, бір адамға үш айдағы орташа 385,6 мың теңге шығынның шамамен 181,1 мың теңгесі азық-түлікке кетті. Ақылы қызметтерге 74,2 мың теңге, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 69,9 мың теңге, ал несиелер мен қарыздарды өтеуге 26,2 мың теңге жұмсалады.
Баға 20 жылда қалай өзгерді?
Екі онжылдық ішінде азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарлар айтарлықтай қымбаттады. Өзгерістердің ауқымын бағалау үшін сарапшылар 2006 және 2026 жылдардағы жекелеген тауарлардың құнын салыстырып көрген.
Сиыр еті бұл уақыт ішінде 9 есе, өсімдік майы 5,6 есе, жұмыртқа 4,2 есе, ал нан 4,5 есе қымбаттаған.
Айтпақшы, бензин өсімі айтарлықтай көп емес: қазір АИ-92 маркалы отынның литрі 2006 жылғымен салыстырғанда 2,8-3,4 есе қымбат тұрады.
Қымбатшылық басқа да азық-түлікке жатпайтын тауарларға әсер етті. Атап айтқанда, 20 жыл ішінде киім, тұрмыстық химия, техника және электроника құны өсті.
Алайда кей тауарлар бойынша бағаны тікелей салыстыруға болмайды. Мысалы заманауи техника бұрнғыға қарағанда технологиясы мен функционалдығы бойынша ерекшеленеді. Сондықтан бағадағы айырмашылық тек инфляцияға ғана байланысты емес.
Дегенмен жалпы көрсеткіштер соңғы 20 жылда Қазақстанда өмір сүру құны қаншалықты айтарлықтай өскенін көрсетеді.
