16 қарашада Қазақстанның екі облысында жауын-шашын мен көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалыс қиындауы мүмкін, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған astana24.com.
Алматы және Ақтөбе облыстарына жолға шығуды жоспарлап отырған жүргізушілерге аса мұқият болу ұсынылады. Бүгін бұл өңірлерде жаңбыр аралас қар және кей жерлерде қар жауады деп күтіліп отыр.
"Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз", – делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" 1403 байланыс орталығы арқылы республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпарат алуға болатынын еске салды.
