in

Моңғолия президенті отставкаға кеткенін мәлімдеді

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух отставкаға кеткенін мәлімдеді – ол бұл қызметті бес жылдан астам уақыт атқарды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.

"Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді", – делінген басылым таратқан хабарламада.

Ол бұл лауазымды 2021 жылғы 25 маусымнан бері атқарып келді.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Ухнаагийн Хүрэлсүх 1968 жылғы 14 маусымда Моңғолия астанасы Ұланбатырда дүниеге келген. 1989 жылы Моңғолия әскери университетін, 1994 жылы Мемлекеттік басқару және менеджментті дамыту институтын, ал 2000 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Моңғол халық армиясы қатарында қызмет етіп, бөлім бастығының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары болған.

Хүрэлсүхтің бүкіл мансабы саясатпен байланысты – депутат болған, үкіметте жұмыс істеген. Кезінде Моңғолияның вице-премьері және премьер-министрі лауазымдарын атқарған (2021 жылғы сайлауға дейін).

2021 жылғы президент сайлауында жеңіске жетті.