in

Мысырда бензин таситын көлік жарылып, ондаған адам қаза тапты (видео)

Мысырдың Гиза провинциясында мұнай өнімдерін таситын көлік апатқа ұшырап, кейін жарылып, ірі өрт басталған. Ондаған адам қаза тапты, деп хабарлайды astana24.com.

CNN-нің мәліметінше, оқиға салдарынан кемінде 31 адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алған – бұл туралы Мысырдың Денсаулық сақтау және халық министрлігі хабарлаған.

Мұнай өнімдері тиелген жүк көлігі Варрак ауданындағы айналма тасжолда аударылып, ірі өрт болған.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына 39 жедел жәрдем көлігі жіберілген. Зардап шеккендер үш ауруханаға жеткізілген.

Сол арада Middle East 24 X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қаза тапқандар саны 45 адамға дейін артқанын хабарлады.

BREAKING | Egypt’s Health Ministry confirms at least 21 dead and 15 injured after a vehicle carrying petroleum products overturned and caught fire in Giza. https://t.co/J62DUnB7HT— ME24 – Middle East 24 (@MiddleEast_24) November 25, 2026

First footage from the scene of the deadly fuel truck fire in Giza, Egypt, which has so far killed 30 people and injured around 15. https://t.co/GQryE2Ojpu— ME24 – Middle East 24 (@MiddleEast_24) November 25, 2026

BREAKING | Egypt’s Public Prosecution confirms the Warraq fuel truck fire in Giza killed 30 people, injured 25, and burned 27 vehicles (cars and motorcycles), ordering DNA testing to identify victims. https://t.co/zLqz8e7csd— ME24 – Middle East 24 (@MiddleEast_24) November 25, 2026

The death toll from the fuel truck fire in Giza’s Warraq district in Egypt has risen to 45 https://t.co/9jZ5CYDkDG— ME24 – Middle East 24 (@MiddleEast_24) November 25, 2026