Алматылықтар желіде қазылған учаскелердің көптігіне шағым айтты. Тұрғындардың сөзінше, олар қала бойынша қазылған траншеяларды күнде байқайды, деп хабарлайды astana24.com.
Алматылық asheglov Threads желісінде қаладағы аялдамалардың бірінде түсірілген кадрларды жариялады.
"Барлығыңыз қала бойынша траншеялар қазып тастап, жаяу жүргіншілерге қауіпсіз жағдай жасамайтын мердігер-зиянкесті байқадыңыз ғой?
Неліктен қоғамдық көлік аялдамасына (Сәтпаев – Есентай өзені) су толған орды айналып, бір кварталдай жерді жаяу жүріп өтуім керек, ал аялдаманың өзінде тот басқан құбырлар жатыр?" – деп жазды қала тұрғыны.
Бұл жазбаға қатысты Алматы әкімдігінің қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы жауап берді.
"Жапон бағын салу жобасын жүзеге асыру аясында қазір парк аумағынан Есентай өзеніне дейін автоматты суару жүйесінің құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда ұзындығы 2 километр траншея қазылып, жалпы ұзындығы 1,5 километр екі құбыр тартылды. Қалған ұзындық – 500 метр. Құбыр тартылып біткеннен кейін траншеяны қайта көміп, бұзылған жабынды қалпына келтіру жұмыстары орындалады", – деді ведомство өкілдері.
Смотреть в Threads
