in

29 қарашадағы мәслихат сайлауы: Тоқаев кандидаттарға тең жағдай жасау қажеттігін мәлімдеді

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2026 жылғы 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы бойынша сайлау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде ақпарат берілді

Президент сайлауды "Заң және тәртіп" конституциялық қағидаты негізінде өткізу, кандидаттар мен саяси партиялардың барлығына тең жағдай жасау маңызды екенін атап өтті", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысы алдағы уақытта депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне баса назар аударған.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтетінін хабарлаған болатын.

2 қарашада ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысын жариялады.

Жалпы республика бойынша 10 971 кандидат тіркелген.