in

Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісін ауыстырды. Бұл лауазымға Ренат Айтаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Президенттің баспасөз қызметінің Telegram-дағы арнасында Әлихан Жамсатовтың Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылғаны хабарланды.

Оның орнына бұл қызметке мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев тағайындалды.

ҚР мәжілісінің мұрағаттық сайтындағы деректерге сәйкес, Ренат Айтаев 2022 жылғы 4 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Ал биыл 1 шілдеде Қазақстанда парламент құрамындағы сенат пен мәжіліс өз жұмысын тоқтатты.

Ренат Айтаев 1976 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін "инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

1998-1999 жылдары – "Демал-Шығыс" ЖШС Экономика және қаржы жөніндегі директоры.

1999-2000 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы статистика басқармасының өнеркәсіптік кәсіпорындарды автоматтандырылған өңдеу, мониторинг бөлімдерінің бас маманы.

2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Талдау және болжау департаментінің жетекші, бас маманы.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кірістер және келісімшарттар департаменті бөлімінің бастығы.

2003-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті басқармасының бастығы.

2008 жылғы сәуірден 2008 жылғы маусымға дейін – "ГТСС" АҚ бас маманы.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету департаменті директорының м.а., директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің директоры.

2010 жылғы сәуір-маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Индустриялық саясат департаментінің директоры.

2010-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары, индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі.