Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин және Дональд Трамп Си Цзиньпинмен өтетін үшжақты келіссөздер алдында АТЭЫ саммиті аясында екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған astana24.com.
Кездесу Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасу орталығында өтті. Бұған дейін көшбасшылар АТЭЫ саммитінің пленарлық отырысына қатысты.
"Менің ойымша, бұдан көптеген тамаша нәтиже шығуы мүмкін немесе ең құрығанда соның бастамасы болады", – деп мәлімдеді Трамп.
Сондай-ақ Ақ үй басшысы Ресей президентімен қарым-қатынасы өте жақсы екенін атап өтті.
Сонымен қатар Трамп Путинді досым деп атап, оны көргеніне қуанышты екенін айтты.
"Бұл кім? Ол – менің досым", – деді Трамп ресейлік әріптесіне жақындап, қолын созып.
Басылымның жазуынша, бұған дейін Путин мен Трамп бір күн бұрын АТЭЫ көшбасшыларының суретке түсу рәсімі алдында жүздескен. Ол кезде екеуі Си Цзиньпиннің көзінше бір-бірімен амандасып, аз-кем тілдескен.
