in

Қазақстан футболының ардагері, төреші әрі бапкер 81 жасында қайтыс болды

Бұрынғы футболшы, танымал судья және жаттықтырушы Николай Дрютов 81 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) сілтеме жасаған astana24.com.

Дрютов 2026 жылы 17 қарашада қайтыс болды. ҚФФ ресми сайтында туыстарына, жақындарына және марқұмды танитын барлық жанға көңіл айтты.

"Николай Семеновичтің өмір жолы – спортқа, өз ісіне адалдықтың және өскелең ұрпаққа деген шынайы қамқорлықтың үлгісі. Оның есімі Астана және бүкіл Қазақстан футболының тарихында мәңгі қалады", – делінген хабарламада.

Дрютов Воронеж облысында туған, бірақ оның бар өмірі мен кәсіби мансабы Астанамен байланысты. Ол Целиноградтағы балалар мен жасөспірімдерге арналған "Локомотив" спорт мектебін бітірген және жергілікті "Динамо" сапында шабуылшы болған.

Астанада Дрютов спорт және дене шынықтыру комитетін басқарды, қалалық спорт департаментінде басшылық қызмет атқарған. Ол астаналық "Жеңіс" футбол клубының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.