in

Елімізде қанша адам жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Қазақстанда қазанда әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту сервисі іске қосылды. Мемлекеттің қолдауынсыз отбасын қамтамасыз ете алатын 729 азамат бұл қызметті пайдаланып үлгерді. Толығырақ astana24.com сайтында.

Қазақстанда 2027 жылдан бастап мемлекеттік қолдау көрсету ережелері өзгереді. Кейбір жәрдемақылар мұқтаждық қағидаты бойынша, яғни отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалау негізінде беріледі.

Сондай-ақ қазанда Қазақстанда "Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту" цифрлық сервисі іске қосылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, бұл қызмет қосылған сәттен бастап, оны 729 Қазақстан азаматы пайдаланды.

" 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту туралы шешім қабылдаған. Бұл – әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы өзара ынтымақтастық қағидаттарының көрінісі, яғни өзін және отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартуды жөн көрген. ", – деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ Еңбек министрлігіндегілер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сі бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тетігі атаулылық қағидатына негізделеді. Көмек бірінші кезекте оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталатынын атап өтті.

Маңызды жайт – қазақстандықтар жаңа сервисті пайдалануға және өздеріне тағайындалған жәрдемақыдан бас тартуға міндетті емес. Бұл – азаматтардың тек ерікті шешімі болуға тиіс.

Сондай-ақ бұл төлемдерден өмір бойы бас тарту дегенді білдірмейді. Болашақта өмірлік жағдайлары өзгерсе, азамат тиісті көмекті алу үшін қайта жүгіне алады. Өтініш заңнамаға сәйкес жалпы негізде қаралады.