in

Мұқтаждық деңгейіне қарай беріледі: үкімет жәрдемақы түрлері мен оны тағайындау шарттарын бекітті

Қазақстан үкіметі жәрдемақы түрлері мен оларды тағайындау шарттарын бекітті – тиісті қаулы Қазақстан Республикасының НҚА эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды astana24.com.

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысымен жәрдемақы тағайындау, тоқтата тұру, қайта тағайындау және төлемдерді тоқтату шарттары, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттары бекітілді.

Құжатқа берілген қосымшаға сәйкес, тізімге 10 жәрдемақы түрі енеді:

Жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау негізінде мұқтаждық қағидаты бойынша беріледі.

"Мұқтаждық қағидатына сәйкес, жәрдемақы алуға, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемге Кодекстің 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган цифрландыру, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітетін отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесі арқылы белгіленген әлеуметтік әл-ауқат деңгейі жоғары ("А" деңгейі) және ауқатты ("B" деңгейі) адамдардың құқығы жоқ, – делінген құжатта.

Бұған дейін Қазақстанда 2027 жылдан бастап кейбір жәрдемақы жаңаша есептеле бастайтыны туралы жазғанбыз.