in

Тоқаев Орталық Азия елдері мен Әзербайжан президенттерінің кездесуіне барды

Түрікменстанда сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының кездесуіне келді, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін "Аваза" кешеніне барды.

Ол жерде Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстанға ел президенті Сердар Бердімұхамедов шақырған болатын. Тоқаев 8-9 қазан күндері Авазада жұмыс сапарымен болатыны атап өтілді.

Әуежайда Қазақстан президентін Түрікменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.