Астана, Алматы мен Шымкентте 29 қараша күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с болмақ.
Астанада да күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы -5 градусқа дейін жетіп, түнде -9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,5 м/с болады.
Шымкентте де күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз термометр бағаны 11 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 1,6 м/с деңгейінде болмақ.
