Алматыда тұрғындардың Құрбан айт кезінде қай жерде құрбандық шала алатыны белгілі болды. Қалада барлығы 12 арнайы алаң белгіленеді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Құрбан айт күндері және айт намазы
Биыл Құрбан айт күндері 27, 28 және 29 мамырға түсіп тұр. Алматының бас имамы Төлеби Оспан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлағандай, қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр сағат 06:00-де мерекелік айт намазы оқылады.
Құрбандық шалуға арналған арнайы алаңдар
Құрбандық шалу орындары қаланың бес ауданында ұйымдастырылған:
Алатау ауданы:
Бостандық ауданы:
Медеу ауданы:
Наурызбай ауданы:
Түрксіб ауданы:
Арнайы орындарда құрбандық шалу рәсімінің діни талаптарға сай орындалуын мешіт қызметкерлері қадағалайды.
Онлайн-формат және ет тарату
Алматыда тұрғындар қашықтан құрбандық шалуға тапсырыс беруі үшін qurban.muftyat.kz онлайн-сервисі қайта іске қосылды. Рәсім орындалғаннан кейін пайдаланушыларға видеоесеп жіберіледі.
Сондай-ақ платформа арқылы мұқтаж отбасылардан ет алуға өтінімдер қабылданады. Ет қабылдау және оны тарату пункттері қаланың барлық 56 мешітінде ұйымдастырылады. Өнімдерді сақтау мен тасымалдау үшін арнайы тоңазытқыш камералары мен көліктер дайын тұр.
Мерекелік шаралар мен қайырымдылық
Құрбан айт мерекесі аясында Алматының бірқатар мешітінде киіз үйлер тігіліп, жамағатқа тағам таратылады.
Ұлттық стильдегі спорттық іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары жоспарланған. Мұқтаж отбасыларға, қарттар үйлері мен балалар мекемелеріне азық-түлік себеттері таратылады.
