Елордалық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқали брифингте Астанада Құрбан айт мерекесі қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Айт намазы және құрбандық шалу уақыты
Қайролла Көшқали 27 мамыр сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде мерекелік айт намазы оқылатынын хабарлады.
"Арнайы белгіленген орындарда құрбандық шалу күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі", – деді ол.
Қала билігі малды арнайы бөлінген орындардан тыс жерде құрбандыққа шалуға тыйым салынатынын ескертті.
Құрбандық шалуға арналған орындар
Елордада құрбандық шалуға арналған бес орын бекітілген:
Намаз кестесі және онлайн-формат
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні — 27 мамырда өтетін айт намазының кестесін жариялады.
Бұған дейін Қазақстанда құрбандық шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы сайт іске қосылған болатын. Онлайн құрбандық шалғысы келетіндер сайт арқылы құрбандыққа шалынатын малды таңдап, қажетті қаражатты QR көмегімен аудара алады.
