in

13 желтоқсаннан бастап тағы бір бағытта жаңа Stadler вагондары қатынайды (фото)

Желтоқсаннан бастап қазақстандықтар Астанадан Қызылордаға жаңа Stadler вагондары бар пойызбен жете алады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға сілтеме жасаған astana24.com.

ҚТЖ-ның мәліметінше, №66/65 "Нұрлы жол – Қызылорда" пойызының құрамы да отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен жаңартылады. Жаңартылған құрам бұл бағытта 13 желтоқсаннан бастап күнара қатынайды.

Пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады.

"Жолаушылардың жайлылығы үшін вагондар климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, багажға арналған орындармен және буфет аймағымен жабдықталған", – делінген хабарламада.