15 қараша, жексенбіде Алматыда биылғы жүгіру маусымын қорытындылайтын City Run жарысы өтеді. Осыған байланысты жарыс өтетін күні қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған astana24.com.
Шектеулер қаланың орталық бөліктерін қамтып, әртүрлі уақыт аралығында енгізіледі.
Жарыс "Астана" алаңынан басталып, осы жерде аяқталады. Әкімдік қай көшелердің және қай уақытта жабылатынын нақтылады:
Жол жабу уақыты жарысқа қатысушылардың жүгіру қарқынына қарай есептелген.
Жарыс өтетін орынға көлікпен баруды жоспарлағандар жол қозғалысына қойылған шектеуді ескере отырып, ең ыңғайлы бағытты 2GIS қосымшасы арқылы анықтай алады.
Айта кетейік, биылғы жүгіру маусымының қорытынды жарысына 20-дан астам елден 2 500 адам қатысады.
