in

Путин, Трамп және Си Цзиньпин бейбітшілік декларациясын қабылдады

Ресей, АҚШ және Қытай көшбасшыларының үшжақты саммитінен кейін бірлескен декларация қабылданды. Құжатта қауіпсіздік, энергетика және БҰҰ реформасы қарастырылған, деп хабарлайды astana24.com РБК-ға сілтеме жасап.

Владимир Путин, Дональд Трамп және Си Цзиньпин үшжақты кездесуден кейін бейбітшілік декларациясын қабылдады, деп хабарлайды РБК Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей мен АҚШ мемлекет басшылары осы тарихи үшжақты саммитті ұйымдастырып, өткізгені үшін Қытайға алғысын білдірді. Үш мемлекет басшысы қазіргі халықаралық жағдай бойынша жан-жақты пікір алмасып, стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауға ниетті екенін жеткізді", – делінген хабарламада.

Декларацияда кездесуде көшбасшылар келіскен бірнеше негізгі қағидаттар көрсетілген:

1. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бола отырып, Ресей, Қытай және АҚШ БҰҰ-ның жаһандық сынақтарға тиімдірек жауап қатуы және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы өз миссиясына сай болуы үшін оны реформалауды қолдайтынын білдірді.

2. Үш мемлекет барлық елдің игілігі үшін мұнай өңдеу өнімдерін өндіру мен жеткізуді арттыруды жоспарлап отыр. Олар энергия көздерін тұрақты жеткізудің маңыздылығын растады.

3. Үш мемлекеттің басшылары мемлекеттердің келісім принципі мен мемлекеттік лауазымды тұлғалардың иммунитетін сақтау маңызды рөл атқаратынын атап өтеді. Сондай-ақ олар Халықаралық қылмыстық сот және басқа да ұқсас құрылымдар өз өкілеттіктерін асыра пайдаланбауға тиіс екенімен келіседі.

4. Үш мемлекеттің басшылары ядролық соғыста жеңімпаз болмайтынын және ол ешқашан басталмауға тиіс екенін растады. Үш ел ядролық қауіп-қатерді азайту және ядролық қарудың таралмауын алдын алу бойынша диалог жүргізеді".