in

Си Цзиньпин Путин және Трамппен кездесуде ядролық қаруға толық тыйым салып, оны жоюға шақырды

Си Цзиньпин ядролық қаруды қолдануға толық тыйым салып, оны жою қажет екенін мәлімдеді. Ол мұны бүкіл адамзатқа төнген қатер деп атады, деп хабарлайды astana24.com Al Jazeera-ға сілтеме жасап.

Ядролық қаруға толық тыйым салып, оны уақыты келгенде жою қажет. Мұны ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресей мен АҚШ президенттерімен кездесуде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Қытай басшысы ядролық қаруды адамзаттың басына төнген дамокл семсерімен салыстырды.

"Адамзаттың басына салбырап тұрған дамокл семсері – ядролық қаруға толықтай тыйым салынуы керек, түптеп келгенде әлемді азат ету үшін жойылуға тиіс", – деді Си Цзиньпин.