in

Қырғызстан президенттігіне бірден 11 адам өз кандидатурасын ұсынды: олар туралы не белгілі

Бүгін Қырғызстанда президент лауазымына кандидаттарды ұсыну мерзімі ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасаған astana24.com.

ОСК мәліметінше, бүгін Қырғыз Республикасының президенті лауазымына кандидаттарды ұсынудың белгіленген мерзімі аяқталды. Әзірге президент сайлауына қатысуға 11 адам үміткер болып отыр.

Қазіргі уақытта кандидаттарды қолдау мақсатында сайлаушылардың электрондық қолтаңбасын жинау жалғасып жатыр. Бұл кезең 2026 жылғы 8 желтоқсанға дейін созылады. Тіркелу үшін әрбір кандидат кемінде 30 мың сайлаушының қолын жинауы тиіс.

"Тіркелу үшін қажетті құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Кандидаттар мен олардың уәкілетті өкілдері жетіспейтін құжаттарды белгіленген тәртіппен ұсынуға құқылы", – делінген хабарламада.

Қырғызстан президенті лауазымына кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 23 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Сайлаудың өзі 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.

24.kg басылымы кандидаттар тізімін жариялады.