in

Бразилияның бұрынғы президенті жансақтау бөліміне түсті

Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонару реанимацияға түсті. Оған ішектің жедел қабынуы диагнозы қойылды, деп хабарлайды astana24.com РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жергілікті O Globo басылымының жазуынша, елдің экс-президенті қарқынды терапия бөліміне "құрсақ қуысының жедел обструктивті патологиясы" диагнозымен жеткізілді.

Дәрігерлер емдеу жұмыстарын бастады, оның ішінде сұйықтықты тамыр арқылы құю, ауыздан тамақ ішкізуден бас тарту, нутритивті қолдау және асқазан зондын орнату бар.

Бұрынғы президенттің дәрігері компьютерлік томография аш ішектің толықтай бітеліп қалғаны анықталғанын хабарлады. Дәрігерлер қайталама операция жасау мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ, бірақ одан әрі емдеу туралы шешім қабылдамас бұрын келесі 24 сағат ішінде науқастың жағдайын бағалауды жоспарлап отыр.

Басылым Жаир Болсонару 2018 жылғы сайлау науқаны кезінде алған пышақ жарақатынан кейін бірнеше рет ауруханаға жатқызылып, ота жасатқанын атап өтті.