in

Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

Бүгін, түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттарын сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Саяси науқанға 10 мыңнан астам үміткер қатысып жатыр.