Пхукеттегі туристік ауданда болған ірі өрттен 11 адамның өмірі қиылды. Тағы 30-дан астам адам түтінге уланып қалды, деп хабарлайды astana24.com "Известия" басылымына сілтеме жасап.
Таиландтағы Пхукет аралында, Кату округінің Патонг ауданындағы коммерциялық ғимаратта ірі өрт шықты. "Известия"-ның Thai PBS-ке сілтеме жасап хабарлауынша, әзірге өрт құрбандары 11 адамға жетті.
Жалын көршілес құрылыстарға жылдам таралып, бірнеше бөлмені отқа орады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер, жергілікті билік өкілдері мен құтқару қызметтері жіберілді.
"Ресми емес хабарламаларға сәйкес, оқиға салдарынан 11 адам қаза тауып, 30-дан астамы түтінге уланды", – делінген жазбада.
เมื่อคืนกลางดึกมีเหตุ ไฟไหม้อาคารพาณิชย์กลางป่าตอง จ.ภูเก็ต เบื้องต้นเสียชีวิต 11 คน บาดเจ็บจากสำลักควัน 30 คน https://t.co/HpqYzGKD11— Red Skull (@RedSkullxxx) November 16, 2026
Оқиға орнына провинция губернаторы келді. Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға Патонг полициясының қызметкерлері, муниципалды өрт сөндірушілер, жергілікті билік пен құтқару қызметтері қатысты. Тілсіз жауды ауыздықтағаннан кейін мамандар іште қалып қоюы мүмкін адамдарды анықтау және шығынды бағалау үшін ғимаратты тексеруге кірісті.
โศกนาฏกรรมกลางดึก ไฟไหม้ร้านเช่ารถจักรยานยนต์ใจกลางป่าตอง จ.ภูเก็ต เพลิงลามอาคารพาณิชย์ 3 คูหา พบผู้เสียชีวิตแล้ว 11 ราย บาดเจ็บ 36 ราย #ภูเก็ต #ไฟไหม้ป่าตอง #โศกนาฏกรรม https://t.co/pMTXI500tN— LISAxARM (@lisaxarm) November 16, 2026
