Қазақстанда 1 қаңтардан бастап учааскелік дәрігерлердің, психологтер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Жоба қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлайды astana24.com "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.
"Ашық НҚА" порталында медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және психологтердің жалақысын көтеруді көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
Жобада алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарына қосымша ақы белгілеу қарастырылған.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы үздіксіз жұмыс өтілі үшін (учаскелік терапевт, учаскелік педиатр, жалпы практика дәрігері, учаскелік мейіргер, жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер, патронаждық мейіргер, мектеп мейіргері)
Халықты сүйемелдеуге тікелей қатысатын алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының медициналық емес қызметкерлері үшін психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы:
"2027 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек учаскелік қызметінің медициналық қызметкерлерінің, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек учаскелік қызметінің психологтері мен әлеуметтік қызметкерлерінің жалақысы артады.
Ұсынылған шаралар атаулы сипатқа ие және ең алдымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін тікелей қамтамасыз ететін қызметкерлерді тұрақтандыруға бағытталған. Оларды іске асыру кадрлардың тұрақсыздығын азайтуға, кадр тапшылығын қысқартуға, пациенттерді бақылау сабақтастығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы мамандарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді", – делінген жобаның түсіндірмесінде.
Жоба 7 желтоқсанға дейін қоғам талқысында болады.
